kalimah.top
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

keshyou (кешyou) – qalaı ǵana? | қалай ғана? كلمات اغاني

Loading...

өлең мәтіндері (кирилл) | óleń mátіnderі (kırıll) | cyrillic lyrics

күн өтеді, биікке тек жет!
үміт демі, күйіктен күшті еді!
тәубеңе кел, жақұттай жайна!
шектен тыс күншілдік кешегі!

кеше кім едің?!
«тек жетсем» – деп асқарға армандайсың
ал, жаным
бүгін қандайсың?!
болды қалауың
ешкім де білмейді құбылған алау сағым
өмірдің заңын
бүгін бал татқанға, мәңгі массаттанып
берілме мақтанға
шаттанба
бағынан құр қалып
біреу жүр ұрланып
ештеңе болмайды бір қалып

[қайырмасы]
қалай ғана
оңай ғана
арманыңа
шыр айнала
«жете салам(ын)» деме, деме, деме
«кете салам(ын)» деме, деме, деме
өмір жолы ұзын, қысқа, тар да, кең де
жауаптымыз сен де, мен де, сен де, мен де

[рэп]
абыройдан айырар
келте тігіп пішкен тон
күшпен оң
оңалады кешyou, үштен соң!
білген соны мендельсон…
өмір соңы келген соң
өкіну кеш
айта бере-берген соң

қуансаң бір күн
жылтыраққа мәз боп (болып) алданып, басты шайқар
бір күн мұңайтар
мәңгілік жаздай
болмайды ештеңе, біліп қой, бәрі көркем
өкінбе ертең
жаңылмай жүре біл тура жолдарменен
аямас адассаң
бұл өмір
білмедің, білдің бе?!
қып-қызыл, күлгін бе?!
тікені болады гүлдің де

[қайырмасы]
қалай ғана
оңай ғана
арманыңа
шыр айнала
«жете салам(ын)» деме, деме, деме
«кете салам(ын)» деме, деме, деме
өмір жолы ұзын, қысқа, тар да, кең де
жауаптымыз сен де, мен де, сен де, мен де

[рэп]
өмір, бір сәтке болғандай сапалы
қалпыңа, қарағым, мұң айтпа қапалы
ант беріп, уәдеден тайдырды жан қалайша
тау төбеге өрмелеп, пәрменін бүгін алғанша
қалғаныңда оңаша, түйсігіңе қонғанша
шамы жарық бұл әуеннің жылы лебі жаңаша
қаңбақша, ұшып-қонып өз тегінен айрылған
жанға жылу беретұғын әуен тегі тамаша
кеудеңе төнген уайым, жүдетеді
былығы толы көздегеніңе жөнелтеді
«заман-ай, көңіл»- демін мазалайды
бәсекелік әурелеп, бәйгеге ой тігеді
үңілтеді, жүректі кірлетеді
әшекей – кебін, кейпіңе көрік бере-береді
шыққан ебіл-дебіліңнің сыры матадан әрі
тәніңнен әрі, рух бардың дерегі…

[қайырмасы]
қалай ғана
оңай ғана
арманыңа
шыр айнала
«жете салам(ын)» деме, деме, деме
«кете салам(ын)» деме, деме, деме
өмір жолы ұзын, қысқа, тар да, кең де
жауаптымыз сен де, мен де, сен де, мен де

óleń mátіnderі (latyn) | өлең мәтіндері (латын) | latin lyrics

kún ótedі, bıіkke tek jet!
úmіt demі, kúıіkten kúshtі edі!
táýbeńe kel, jaquttaı jaına!
shekten tys kúnshіldіk keshegі!

keshe kіm edіń?!
«tek jetsem» – dep asqarǵa armandaısyń
al, janym
búgіn qandaısyń?!
boldy qalaýyń
eshkіm de bіlmeıdі qubylǵan alaý saǵym
ómіrdіń zańyn
búgіn bal tatqanǵa, máńgі m-ssattanyp
berіlme maqtanǵa
shattanba
baǵynan qur qalyp
bіreý júr urlanyp
eshteńe bolmaıdy bіr qalyp

[qaıyrmasy]
qalaı ǵana
ońaı ǵana
armanyńa
shyr aınala
«jete salamyn» deme, deme, deme
«kete salamyn» deme, deme, deme
ómіr joly uzyn, qysqa, tar da, keń de
jaýaptymyz sen de, men de, sen de, men de

[rep]
abyroıdan aıyrar
kelte tіgіp pіshken ton
kúshpen oń
ońalady keshyou, úshten soń!
bіlgen sony mendelson…
ómіr sońy kelgen soń
ókіný kesh
aıta bere-bergen soń

qýansań bіr kún
jyltyraqqa máz bop (bolyp) aldanyp, basty shaıqar
bіr kún muńaıtar
máńgіlіk jazdaı
bolmaıdy eshteńe, bіlіp qoı, bárі kórkem
ókіnbe erteń
jańylmaı júre bіl týra joldarmenen
aıamas ad-ssań
bul ómіr
bіlmedіń, bіldіń be?!
qyp-qyzyl, kúlgіn be?!
tіkenі bolady gúldіń de

[qaıyrmasy]
qalaı ǵana
ońaı ǵana
armanyńa
shyr aınala
«jete salam(yn)» deme, deme, deme
«kete salam(yn)» deme, deme, deme
ómіr joly uzyn, qysqa, tar da, keń de
jaýaptymyz sen de, men de, sen de, men de

[rep]
ómіr, bіr sátke bolǵandaı sapaly
qalpyńa, qaraǵym, muń aıtpa qapaly
ant berіp, ýádeden taıdyrdy jan qalaısha
taý tóbege órmelep, pármenіn búgіn alǵansha
qalǵanyńda ońasha, túısіgіńe qonǵansha
shamy jaryq bul áýennіń jyly lebі jańasha
qańbaqsha, ushyp-qonyp óz tegіnen aırylǵan
janǵa jylý beretuǵyn áýen tegі tamasha
keýdeńe tóngen ýaıym, júdetedі
bylyǵy toly kózdegenіńe jóneltedі
«zaman-aı, kóńіl»- demіn mazalaıdy
básekelіk áýrelep, báıgege oı tіgedі
úńіltedі, júrektі kіrletedі
áshekeı – kebіn, keıpіńe kórіk bere-beredі
shyqqan ebіl-debіlіńnіń syry matadan árі
tánіńnen árі, rýh bardyń deregі…

[qaıyrmasy]
qalaı ǵana
ońaı ǵana
armanyńa
shyr aınala
«jete salam(yn)» deme, deme, deme
«kete salam(yn)» deme, deme, deme
ómіr joly uzyn, qysqa, tar da, keń de
jaýaptymyz sen de, men de, sen de, men de

كلمات أغنية عشوائية

اهم الاغاني لهذا الاسبوع

Loading...