kalimah.top
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

zaq - shamdar (intro) كلمات الأغنية

Loading...

[«shamdar» әнінің тексті]

[шумақ 1]
шамдар сөнеді, оянады құбыжықтар
қала көне, бұл бала білмейді оның аңызын
түнек_түнек оны жұтады, оны жұтады
шамдар сөнеді, шимайлайды қауырсын
а_а_а_а_а, а_а_а_а_а, а_а_а_а_а
көшелер сондай таныс…
бірақ, сенің жүрегің — бөтен бұл жерге
ал үйің әлі алыс, қайда болсаң да, сен артықсың, неге?
е_е_е_е
шамдар сөнеді, шамдар сөне—

[интерлюдия]
үй керек, дәу_дәу
төрт дөңгелек, дәу_дәу
бәрі керек, дәу_дәу
ауқымды масштабта, тым алыс аштықтан
үй керек, дәу_дәу
төрт дөңгелек, дәу_дәу
бәрі керек, дәу_дәу, жай емес
бұның бәрі де жай емес
бола жаздағанда жарымес
болып та кеткенде жарымес
түсіндім бұл маған тән емес
бұл бәле сән емес
кейін бәрі болады, бірақ қазір емес
сол үшін мәз емеспін
қанша жүремін әлі өйстіп
іштегі ашуым өсті
ішімнен тасжүрек өсті
бұл қаламен дәл солай көрістім
[шумақ 2]
немен бітсе де соңы фильмнің
күлкіге айналады титрге дейінгі қиындық
айналада түн — менің жарқырауыма дейін
бірақ бұл қалада бәрі сені жеуге дайын!
айналаның бәрі өштей
бәрі баяу ғана көзбен өртейді
неге екенін білмедім, бірақ «өш» дейді
неге екенін білмедім, бірақ сөнбеймін, бәрі окей
битте агрессивті сырғанаймын – хоккей
бәрі жарысуда: кімде әдемі косплей?
мен кіргенде ойынға енді бәрі бос деймін, соңғы босс мен!
бұл деңгейде болмайды демалыс тек дроп_сет
мен бастағанда, бұларда болған жоқ сенім
енді қазір аяқ_асты бәрі дос кілең
сіккен әңгіме, бетті көрсет, е!
ауаны тебумен көп, уақытты өлтіруде
бәрінен қамалып төрт қабырға, бір бөлмеде
дайындап отырдым өрт, күліңді үгітуге
келіп ем осы күйде, бәрін алуға түгел, е_е
ендігәрі ет жинаймын соло
бұған дейін берген заттардың бәрі болды – сол қол
бәріміз көреміз енді кім күледі соңынан…
лого _ «үш катана», әкел басыңды, бұл зоро!
е, зоро…
[шумақ 3]
тура дәл ертегідегідей бәрі де кейпінде, мен де келемін бәрін кекете
кепілдік бекіте есімімен сапаға – сақтандыру куәлігінде секілді, м?
желкелер шағылды тербеле, м?
сендерге тағы да не керек, м?
флоумен қоя аламын шегелеп, м?
шегелеп, шегелеп, м_м?
бері кел, айт енді керемет кім?
еріге тым, тербеттім, елемедім сендердің «мен_мен» дегендеріңді, көрмедім дым_дым_дым
есікте тұрмын, аш, «тың_дың»
мен кеттім үстіне шыңның
болғанда астында сынның
тек үлгерді ұлғайып жыным
сол үшін — бәріңе жаудырамын осындай мәлімет
мен келдім бүгіннен мәңгіге, беріп әсер әніммен тәніңе
әйтпесе бұл бәленің мәні не?
әйтпесе бұл бәленің мәні не?
әйтпесе бұл бәленің мәні не?
әйтпесе бұл бәленің мәні не? не?

[аутро]
е

كلمات أغنية عشوائية

كلمات الأغاني الشهيرة

Loading...