kalimah.top
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

батыр (batyr) – ұйықта, бөпем (sleep, my child) كلمات اغاني

Loading...

өзіңді әже баққаны –
бақытты мәңгі тапқаны
бөпем_ау, болды бірталай
ұйқыға елдің жатқаны

ұйқыда қала, бар дала
жата ғой сен де, бал бала
сәулесі алтын арайлы
сүйеді таң ғана

тыншыды тау да, шатқал да
тыншыды бау да, бақтар да
тыныста сен де, балақай
ұйқыға бәрі батқанда

ұйқыда қала, бар дала
жата ғой сен де, бал бала
сәулесі алтын арайлы
сүйеді таң ғана

ұйқыға кетті айнала
ұйықта, бөпе, жайлана
тербейді сені түн бойы
аспанда аққу ай ғана

ұйқыда – қала, бар дала
жата ғой сен де, бал бала
жетерсің алтын таңға да
жата ғой, жан бала
жата ғой сен де, бал бала
жетерсің алтын таңға да
жата ғой, жан бала

كلمات أغنية عشوائية

اهم الاغاني لهذا الاسبوع

Loading...