
jeltoksan. - atajurt (из к/ф «лето 1941 года») كلمات أغنية
[«atajurt» әндері]
[жұп 1: jeltoksan.]
о, байтақ дала, көрмедің тыныш заманды (м_м_м)
шіліңгір ыстық, сұп_суық айдың нұрында
қайғыдан_мұңнан жердің де жүзі қабарды
сен туып_өскен, бабалар өткен бұрында
[ауысу: jeltoksan. & hey monro]
қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек
сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп
сағыныш деген сезіммен олар керемет
атажұртпенен қиялда ғана беттесіп
ай_и_и_и_и
ай_и_и_и_и
[қайырмасы: jeltoksan. & hey monro]
ай_һай, ай_һай, даридай
күн күйдіргенде дүние тегіс жалындап (ай)
төгілген қанды сіміріп жатыр айтақыр
жастығын алып жығылып, мәңгі дамылдап
таппады тыным астында айдың қай батыр? (ай)
таппады тыным астында айдың қай батыр?
[жұп 2: hey monro]
кіндіктің қаны киелі нәр деп білемін (м_м_м_м_м)
түйіршігінде – жусанның иісі, анқыған (ай)
отаның аман – тұрғанда соғып жүрегің
ажал да алыс арайлап атса әр таңың
[ауысу: jeltoksan. & hey monro]
қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек
сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп
сағыныш деген сезіммен олар керемет
атажұртпенен қиялда ғана беттесіп
ай_и_и_и_и
ай_и_и_и_и
[қайырмасы: jeltoksan. & hey monro]
ай_һай, ай_һай, даридай
сан қасіретке қыңқ етпес айдын тақырлар
естіді соңғы есіл бір ердің ұранын
тоқымдай жерін қорғаумен өлген батырлар
астында айдың тапты ғой бақи тұрағын (ай)
[аутро: jeltoksan.]
астында айдың тапты ғой бақи тұрағын
كلمات أغنية عشوائية
- 360 - certified كلمات أغنية
- xylina spathia - αδρεναλίνη (adrenalini) كلمات أغنية
- johnyboy - ye كلمات أغنية
- melvoni - how you doin كلمات أغنية
- ay3demi - daydream كلمات أغنية
- wall-y - hamoody كلمات أغنية
- kitty (uk) - sacrilicious كلمات أغنية
- jag00 - nobody كلمات أغنية
- alekto - livevil كلمات أغنية
- miki imai - lonely كلمات أغنية